Бәсекеге қабілеттілік-уақыт талабы
- Толығырақ
- Құрылды 04.04.2017 05:03
- Категория: Мақалалар
Елбасының еліміздің нұрлы болашағын көркейтуге бағытталған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы нақты мәселені қамтуымен ерекшеленді.
Жолдауда көрсетілгендей, Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемдегі алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына кіру мақсатына орай Үкімет пен Парламентке ауқымды міндет жүктеліп отыр. Сонымен бірге, технологиялық құрылымның өзгерісі экономикалық дамудың жаңа үлгісіне көшу көзделген.
Жолдауда білім беру жүйесіне де ерекше көңіл бөлінген. Мұнда, ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламасын сын тұрғысынан ойлау мен жазу қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау - өрелі іс. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу өзекті. Мұғалімдердің біліктілік пен сапа жағына ерекше мән беріліп отыр. Яғни, қала және ауыл мектебіндегі ұстаздардың білім сапасын жақсарту үшін бәсекелестікті жандандыру мақсатында тақырыптық сайыстар мен байқаулар өткізілсе, нәтижесінде, бәсекеге қабілетті, шығармашылық қарымы шыңдалған, жаңа форматты мұғалім бейнесі қалыптасары сөзсіз. Сондай-ақ, басты мәселе қазақ тілінің басымдығы сақталып, оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінетіндігі көңілімізге қуаныш ұялатып отыр. Тұғырлы үш тілді оқытуға кезең - кезеңімен көшу мәселесі де қарастырылған. Өйткені, заманауи білім жүйесінде ағылшын тілінің жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі екені және жалпы ақпараттың 90 пайызы ағылшын тілінде алынатынын, ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайтыны баршамызға мәлім.
Жанам деген жүректерге от беріп, ұшқыннан жалын лаулата отырып, Ұлы дала елін Мәңгілік елге ұйыстыру жолында Жолдауда айтылған талаптарды ойдағыдай жүзеге асыру - басты парызымыз демекпін.
Сәуле Түменбаева,
Д.А.Қонаев атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы