Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

"Үшінші" жаңғыру үрдісті болғай

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Қазақстан халқына Жолдауымен жан - жақты таныстық. Бұл Жол­даудағы басты бағыттары айқын екені белгілі.


Елбасымыз елімізді одан әрі дамытудың жаңа бағыттарын белгі­леп берді. Бұған дейін жаңғырудың екі кезеңінен мүдірмей өтсек,жаңа бағытта ұлттық экономиканы көте­руге ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл әрине, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, денсаулы­ғы­ның мықты болуына, өмір жасының ұзақ болуына зор кепілдік болады. Елбасы Жолдауы мемлекет дамуының жаңа бағыттарын көрсетіп, сол арқылы әрбір азаматтың өмір сапасын жақсартуды көздейді. Ал, стратегиялық құжаттың талаптарын орындауда барлығымыз үлкен жауапкершілікті сезінуіміз керек.
Жолдаудың стратегиялық маңыз­дылығы мен нақты міндеттердің шешілуін қамтамасыз етуге бағыт­талып отырғандығын, ұлттық эко­номикамызды кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін жетілдіру бағы­тында кең ауқымды жұмыстар жүргізуге, ауыл шаруашылығын дамытуға, институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрескен, адами капитал сапасына, еңбек нарығын жаңғыртуға, жаңа индустриялар құрумен бірге, дәстүрлі базаларды жаңғыртуға, салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайларға беріліп отырған басымдықтар мен оларды жүзеге асыру бойынша Елбасы нақтылап берген басты міндеттерге жеке-жеке тоқталуға тұрарлық өте жақсы құбылыс.
Әрине, кезекті жолдаудағы көтерілген мәселелер өте тұжы­рымды және Қазақстан халқының өмір сүру қалпына лайықты деп білемін.

Талап Байжиенов.
О.Иманалиев атындағы Ақкөл ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушы.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер