Толғандырған сауалдарға толымды жауап берген құжат
- Толығырақ
- Құрылды 11.04.2017 04:45
- Категория: Мақалалар
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының төртінші басымдығының үшінші тармағында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету шегін ең төменгі күнкөріс шегінің 40%-ынан 50%-ға дейін өсіріп, оның жаңа форматын енгізу керектігі,
бұл ретте жұмыс істеуге қабілетті адамның бәрі тек жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу шарты арқылы ғана қолдауға ие болуға тиіс екендігі анық көрстілген. Осының негізінде, облыс әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен “Өрлеу” жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы” ҚР Үкіметінің 13 ақпандағы №52 қаулысын түсіндірумен қатар, тәжірибе алмасу үшін семинар-кеңес өткізілді.
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы М.Дилдабекова, Талас ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Абдукасымов және халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Е.Еркебаев семинарға қатысушы аз қамтамасыз етілген тұрғындарға, учаскелік комиссия төрағалары мен мүшелеріне жаңа енгізілетін атаулы әлеуметтік көмек жайында жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде, ең бастысы - 2014 жылдан бері іске қосылған «Өрлеу» жобасы Ережесінің бірқатар өзгерген тұстарын талқылап, көпшілікке түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Өрлеу» жобасы - отбасы мүшелерінің ішінде жұмысқа қабілеттілерін жұмыспен қамту арқылы шартты ақшалай көмек тағайындайтын бағдарлама. Аталған бағдарламаға 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алушылар мен атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың қатысуға мүмкіндігі бар. Шартты ақшалай көмек деп аталуының өзіндік негізі бар. Ол дегеніміз: алынған қаржының мақсатты жұмсалуы яғни, үй құсын, малын, шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталуы керек. Осы жобаны қарапайым халық арасында насихаттап, қатысушы отбасыларды сүйемелдеуге ауылдық жерлерде ассистенттер мен қалада консультант (кеңесші) қарастырылған. Бүгінде 13 ауылдық округ бойынша бекітілген 6 ассистент ал, қала бойынша 1 консультант отбасылармен тығыз жұмыс жүргізуде.
«Өрлеу» жобасы жайында толық мәлімет алу үшін мына мекен-жайға келулеріңізге болады: Шейн көшесі, №47 үй, 1 қабат, 13 кабинет.
Айдана Байділдаева,
аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Өрлеу» жобасының консультанты.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы