Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Мектептер арасындағы эстафета ойындары

Өткен аптада А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияда ау­дандық про­куратура мен білім бөлімі бірлесе отырып, “Салауатты өмір сал­ты - денсаулық кепілі” тақырыбында мектеп оқушылары мен мұғалімдер арасында эстафета ойындарын өткізді.

Жарысқа қаладағы 8 мектептен 8 ко­манда қатысты. Алғашқы болып сөз алған аудан әкімдігі білім бөлімінің сектор меңгерушісі Ұлан Раев пен аталмыш білім ордасының директо­ры Дүйсенбек Нұрбалтаев жарысқа қатысушылар мен қонақ­тарға ыстық ықыластарын білдіре отырып, денсаулықты дәріптейтін игі шараны ашық деп жариялады.
Келесі болып сөз алған аудан прокуратурасының аға прокуроры Бақытжан Бекболатов:
- «Денсаулық - зор байлық» де­ген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты. Сондықтан, әр оқушы әрбір азамат өз денсаулығына саналы да жауапты қарау керек. Адам денсаулығының қымбаттылығы мен маңыздылы­ғын дә­ріптейтін осындай көңілді спорт­­тық ша­­ралар алдағы уақытта да жал­ғасын таппақ, - дей келе, спортшылар­ға сәттілік тіледі.
Ойын шарты бойынша 8 команда екі топқа бөлініп, “Желаяқтар”, “Кім епті?”, “Кім жылдам?”, “Биатлон”, “Бәйге” сын­ды 5 кезеңде өзара жүйріктерді іріктеді.
Жарыс нәтежиесі бойынша 4 ко­ман­да финалға жолдама алды. Ақтық сын­да М.Әуезов атындағы орта мектеп командасы жүзден жүйрік шықса, 2-орын­ды Д.Қонаев атындағы орта мек­теп спортшылары иеленді. Ал, үздік үштікті А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның ойыншылары түйіндеді.
Шара соңында жүлдегерлер мен жарысқа қатысушы барлық командалар арнайы Алғыс хатармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ернар Әбдіразақ,
Қаратау қаласы.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер