Сайлауалды штабтардың жұмысы

Электоральді үдеріс көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында әрбір үміткердің нақты бағдарламасы мен жоспары бар. 26 наурызда сайлау компанияларының ең қызықты кезеңі – сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды.


Толығырақ...
1

Апат айтып келмейді

Дүйсен Молдақұлов, Қамысбай Сауқымов, "Талас тынысы"

Биылғы қыс аяғында қар­дың мөлшерден тыс қалың түсуімен қатар, көктемгі жауын - шашынның да мол бо­луы өзен-көлдер мен жер асты суларының көптеп көтерілуіне ықпал етті.


Соның салдарынан жер-жерде бірқатар елді мекендерді су алса, бірқатарына осындай қауіп туындап отыр. Ең өкініштісі, адам шығыны да орын алды. «Апат айтып келмейді» дегендей, біздің ауданымызда да осындай су алу қауіпі төнген жағдайлар кездесуде.
Бірінші кезекте Берікқара ауылдық округіне қарасты «Билі­­көл» көлінің жағасын жа­ғалай орын тепкен Тұрлыбай ауылын атар едік. Мұндағы 14 үй­де 64 адам тұрады. Тұр­ғындар негізінен, мал шаруашы­лығымен және «балық та - байлық көзі» - деп балық аулаумен айналысады.
Соңғы кездері көлдің дең­гейі күрт көтерілген. Көлге Аса өзені мен Дарбаза су қоймасы арқылы секундына 85 текше метр су түсіп жатса, шығуы 80 текше метрді құрайды екен.
Сондықтан, осындағы 6 үйдің ауласы мен 2 үйдің қоражайын су басқан. Қазіргі көл суының деңгейі бірқалыпты.
Осындай мәселеге қатысты облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев арнайы келіп, жергілікті жердің жағдайымен танысты. Аудан әкімінің орынбасары Серік Дадабаев пен округ әкімі Сағынбек Талқанбаев мән-жайды баяндады.
- Бүгінгі таңда көлге түсіп жат­қан су мөлшері азайды, - деді Кәрім Нәсбекұлы, - алдағы уақыт­та көлдің деңгейі қалыпқа келеді.
Облыс басшысы осы ауылда туып-өскен, осы ауылдың байыр­ғы тұрғыны Бұрхан Таңатаровтан ел-жұрттың жағдайын сұрады.
- Жағдайымыз жаман емес, алғашқы кезде қауіп қылғанымыз рас. Қазір су деңгейі бір қалыпты, - деді ауыл тұрғыны.
- Көлге құятын су көлемін ретке келтірдік, енді жағдай дұрысталады, - деді облыс әкімі.
«Билікөл» көліндегі су деңгейі­мен танысып, пікір алмасқан Кәрім Нәсбекұлы бұдан кейін ат ба­сын «Ақкөл» су қоймасына бұрды. Бұл су қоймасының сыйымдылығы 264,0 миллион текше метр болса, бұл күнде мұнда 206,0 миллион текше метр су жиналған.
Ақкөл су қоймасындағы суды реттеу барысымен “Қазсу­шар” РМК Жамбыл филиалының “Ақкөл өндірістік бөлімшесі” бастығының міндетін атқарушы Дархан Есмұханов таныстырды.
- Жыл басынан бері 6-8 текше метр су құйылып жатқан бұл су қой­масына наурыз айының соңғы күндері «Билікөл» көлі мен Көктал, Тамды өзендері арқы­лы 75,0 текше метр су құйы­ла бастады. Ақпан айында эколо­гиялық мақсатта Ащыкөлге 20,0 текше метр, Түгіскенге наурыз айында 35,0 текше метр су жібе­рілді. Ал, қаңтар айынан бері мұн­да 170,0 текше метр су келіп, оның 100,0 текше метрі қоймадан жіберіліп отыр. Қазіргі таңда «Ұзынкөлге» су жіберетін кол­лек­торлы кәріз істен шығып, «Домалақ» көлге су жіберетін кәрізді жауып, Үшарал­ға 70,0 тек­ше метр су жіберілуде, - деді Дархан Есмұханов.
- Кей жерлерде су далаға мақсат­сыз кетіп жатыр. Неге? - де­ген об­лыс басшысының сауалына Д.Есмұханов:
- Жаңа айтып кеткен «Ұзын­көлге» су жіберетін коллекторлы кәріздің істен шығуы суды реттеу­ге кедергі келтіруде, - деді.
Ақкөл ауылдық округінің әкі­мі Асқар Қуаныш пен су қой­масы қызметкерлеріне бірқатар тапсырмалар бер­ген Кәрім Көкірекбаев ауданы­мыз­дағы өз сапарын одан әрі жалғастырды.
Мұнан соң облыс басшысы Үшарал ауылына табан тіреді. Ауыл маңында арнасынан ада­сып аққан Аса өзенінің асау толқындарына көз жіберіп, ша­мадан тыс мөлшердегі су мәсе­лесінің мән- жайына қанықты.
Облыс әкімі Аса өзеніне құйы­лып жатқан су мөлше­рі 40,0 текше метрге дейін азайтыл­ғанын және 2-3 тәулікте ретке келтірілетінін жеткізді. Сонымен қатар, ағын судың азабын аз көрмейтін осы­нау автокөлік жолын жаң­ғыр­тып, жақын арада жерасты көпірлерін жүргізу жұмыстары жоспарлануда екендігін де айтып өтті.
Өңір басшысының бұл са­па­­рын­да облыс әкімінің бірін­ші орынбасары Бекболат Орын­беков пен аудан әкімі Болат Рысмендиев болды.

Талас тынысы

  • Astana
FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер