Лето-это маленькая жизнь
- Құрылды 05.08.2015 11:55
- Категория: Мақалалар
В системе непрерывного образования летние каникулы играют важную роль для развития, воспитания и оздоровления детей и подростков.
Толығырақ...Жартыжылдың қорытындысы шығарылды
- Құрылды 03.08.2015 04:17
- Категория: Мақалалар
Ж.Құрманбеков, Талас ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы.
2015 жылдың 6 айында Талас ауданы бойынша мемлекеттік бюджеттің бекітілген болжам сомасы 688,737 млн. теңге болса, бюджетке нақты түскені 719,530 млн. теңге орындалу 104,5% немесе 30,793 млн. теңгеге артық түсім жасалынған, 2014 жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 125,0% немесе түсім 144,148 млн. теңгеге өскен.
Толығырақ...Талап күшейсе, табыс артады
- Құрылды 03.08.2015 04:10
- Категория: Мақалалар
«ТТ»-ақпарат»
Аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратында Елбасының бес халықтық реформасы бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысына арналған семинар болып өтті.
Күн тәртібінде көтерілген мәселеге байланысты жиында алғашқы болып сөз алған «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Бағлан Сұлтанбек: - Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміз әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енді, ішкі жалпы өнім 20 есеге өсіп, былтырғы жылдың есебі бойынша жан басына шаққанда 13 мың долларды құраған. Қазіргі уақытта «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты- әлемнің 30 елінің қатарына ену үшін жұмыстар жүргізілуде. Елбасымыз өз сөзінде: «Біздің мемлекеттілігіміздің ауқымды сын-қатерлеріне қалыптан тыс және күшті жауап беруіміз қажет. Бір орында тұруға болмайды. Өз табыстарымызды арқау етіп, өзіміздің мемлекеттілігімізді дамыту үшін алға қарай қозғалуымыз керек»,- деп бес институттық реформаға жекелей тоқталып өтті.
«100 нақты қадам» ұлт жоспарында көрсетілгендей мемлекетке қызмет ету біздің қоғамымыздың бірлігін нығайту үшін негіз болуы тиіс. Мемлекеттік қызмет этностық қатыстылығына қарамастан, меритократия қағидаттары негізінде өзін-өзі көрсетуге бірдей мүмкіндіктер беретін әділетті қазақстандық қоғамның түпбейнесіне айналуы керек. Жаңа Экономикалық саясатқа бағытталған тапсырмалар жайын түсіндірген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Қаратау аймағы бойынша басқармасының консультанты Қуаныш Қарашолақов:- Мемлекеттік қызметшілерге, олардың басқару үрдісіне қосқан нәтижелілігі бойынша еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесін, олардың қызметтері мен экономикада қол жеткізген табыстарының әр жылдағы нәтижелері бойынша саяси қызметшілер үшін бонустар мен әкімшілік қызметшілер үшін сыйақылар төлеуді қарастыруын тапсырып отыр. Яғни, жақсы жұмыс жасаса-бонус алады. Жұмысы төмен, экономикада өсу және нәтижелері жоқ болса- тиісінше төленбейді,- деп мемлекеттік қызметке қабылдау үшін біліктілік талаптарына тоқталды.
Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы мүшелеріне 19 ережеден тұратын этика кодексінің жаңа жобасы таныстырылды.
Еңбегіміз еш болуда
- Құрылды 05.08.2015 11:53
- Категория: Мақалалар
Біздер, Тамды ауылдық округіне қарасты бір топ шаруа қожалықтарының өкілдері, қазіргі біздің басымыздағы жағдайдың ауданымыздағы бірқатар елді мекендерге де тән екендігін ескере отырып Қаратау қаласы мен ауыл аймақтарда тұратын мал иелеріне айтар өкпе-ренішіміз бен уәжімізді ауданымыздың айнасы саналатын төл газетіміз арқылы жеткізгелі отырмыз.
Толығырақ...Аудан әкімі Б.Қ.Рысмендиевтің “Талас ауданының 2015 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы” есебі
- Құрылды 03.08.2015 04:13
- Категория: Мақалалар
2015 жылдың 5 мамыры күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент кезек күттірмейтін күрмеуі көп күрделі мәселелерді түбегейлі шешуді тапсырды. Осы орайда Мемлекет басшысы 5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамын» жариялады, іске асыру тетігін айқындады. Бұл – жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап, қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негізделген.
Толығырақ...Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы