Арызымызды қанағаттандырды
- Толығырақ
- Жарияланды 14.06.2016 06:36
- Автор: Super User
- Категория: Алғыс арқалаған хат
- Қаралды: 1544
Осыдан жиырма жыл бұрын еңбек кітапшамды жоғалтып алдым. Содан кейін жаңа жұмыс орнымнан еңбек кітапшамды қалпына келтірген болатынмын. Жұмыстың әлегімен жүргенімде, оны да жоғалтып алып қолда бар көшірмелерге арқа сүйеп жүре беріппін.
Зейнет жасына жеткенімде аудандық зейнатақы төлеу орталығына құжаттарымды өткіздім. Алайда, бірінші жоғалған еңбек кітапшамда көрсетілген жұмыс өтілім есептелмейтінін айтты. Өйткені, аудандық мұрағаттан берілген мұрағаттық анықтамада 1985 - 1996 жылдарда жұмыс атқарған еңбек өтілім туралы мәліметтер табылмағанын көрсеткен. Аталған жылдары РСУ, ККП «горячий цех» және МРСП «АРМАН» мекемелерінде жұмыс істегенмін. Алайда, кейінрек ол мекемелер жекеменшік қолға өтіп, соңынан тарап кеткен. Өзім жұмыс істеген мекемелердің құқықтық жағдайын білу мақсатында, облыстық мұрағатқа және әділет департаментіне сұрау жібердім. Бірақ, ол мекемелер туралы деректер табылмағанын айтты.
Қанша жыл тер төккен еңбек өтілімді анықтап, толыққанды зейнетақы алуға құқығым бар екендігін ойлап Талас аудандық сотына заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы АРЫЗ бердім. Азаматтық істі қараған Талас аудандық сотының судьясы Л.Дукенбаева істі жан-жақты зерделеп, куәлердің берген түсініктемесін тыңдай келе, менің арызымды қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Осы мәселені шешуге көмектескен сот құрамына және сол жылдары бірге жұмыс істеген азаматтарға уақыттарын бөліп, сотқа куәлік етуге келгендері үшін алғысымды білдіремін!
М.Таттыбаев,
зейнеткер
Газет pdf нұсқасы