Cалауатты һәм сауапты шара
- Толығырақ
- Жарияланды 26.01.2016 03:50
- Автор: Super User
- Категория: Дінің тұрсын-дін аман
- Қаралды: 1407
Әлемнің көптеген елдері хазреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың мәулітін атап өту кезінде, оған көптеген салауаттар айтады. Бұл дәстүр біздің елде де кеңінен таралған. Мәуліт-араб сөзі, қазақ тілінде “туған күн” деген мағына береді.Бұл Алла Тағаланың ең сүйікті пендесі, пайғамбарлардың соңғысы, әрі сардары хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с) дүниеге келген айына атау етіп қойылған сөз.
Сондықтан да, әр жылы рабиғ әл-аууәл айында адамзаттың сұлтаны Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) мәулітін атап өту қаламызда да дәстүрге айналып келеді.
Осы ұлық мерекеге орай Балалар өнер мектебінде қош келдің «Мәуліт» атты рухани кеш болып өтті.
Жиын басы орталық мешіттің найб имамы Жасұлан Сейдалиев Құран оқып, дұға жасаумен басталды.
Сондай-ақ, саламатты да сауапты шарада аудан әкімінің орынбасары Қайрат Рахымжанов пен облыстық орталық мешіттің найб имамы Ержан Аманбаев жиналған жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Рухани шараның тізгінін ұстаған Оңтүстік Қазақстан өңірінің өнерпаздары Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) дүниеге келуі мен есеюі жайлы өлеңдер мен Мекке, Мәдина халқы аңсарлықтардың Мәуліт күні айтатын жырларын көпшілікке тарту етті.
Жиналған жамағатттың жүрегіндегі имандылықты еселей түскен бұл басқосуда Қарқаралы жеріне мешіт салдырған Құнанбай қажы жайлы көрініс көпшіліктің көңілінен шықса, бүгінгі күннің басты мәселесі болып отырған ерлі-зайыпты жандардың ажырасуына әкеп соғатын менмендік пен түсініспеушілік, тұрмыстағы тәрбие жайы «Отбасы» қойылымында көрініс тапты.
Сонымен, Мәуліт мерекесіне арналған ғибратты кеш жамағаттың жүрегіне мейірім мен имандылық жылуын сыйлады.
Біз де өз тарапымыздан алдағы уақытта да ата-баба дәстүрінен айнымай, асыл дінімізге адал болып, Алланың мейірімен бөлене беріңіздер демекпіз.
Газет pdf нұсқасы