Әлемге қауіп төндіретін жат идея көріністері

Қамысбай Сауқымов, "Талас тынысы"

І.Жансүгіров атындағы орталық кітапханада Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының ұйымдастыруымен “Діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіз­дігін қамтамасыз ету” тақырыбында аудандық орталық мешіттің бас имамы Нұрсұлтан Алиевтің, аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің басшысы Дархан Рысдәулетовтың, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Жасөркен Жақсылықтың және аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пернебек Оспановтың қатысуымен жиын өтті.


Алғашқы сөз кезегін алған мәдениет орталығының қызметкері Асхат Қоспақов ді­ни экстремизм мен терро­ризмнің ұғымы мен көріністері, терроризмнің мақсаттары жөнінде жиынға қатысушы көпшілікке кеңінен мағлұмат беріп, зардаптарын да түсіндіріп өтті.
- Қазіргі кезде ислам экстремизмі мен терроризмі деген ұғымдардың кеңінен тарап отырғаны баршаға мәлім. Дей тұрғанмен, исламның өз болмысында ешқандай агрессияшылдық жоқ. “Ислам” деген сөз “бейбіт­шілік, тыныштық” дегенді білдіреді. Исламның басты мақсаты-әлемдегі адамзат арасында бейбіт­шіліктің болуына негіздел­ген, -деген Нұрсұлтан Қалдарханұлы терроризмнің дінге жат ұғым екенін, оның көріністері жастардың жат ағымның идеологиясына елік­теп, соқыр сенімнің жетегімен зайырлы қоғамға қарсы әрекет етіп жатқанын, шет елде оқыған жастарымызды сол жердегі жат ағым өкілдерінің жылы сөзбен баурап, миын улайтынын, одан кейін әлгі жастар, оны елге келіп насихаттайтынын баяндап, осының бәрі діни сауатсыздықтың салдары екенін түсіндірді.
Шараны жүргізіп отыр­ған ақын қызымыз Үміт Битенова:
- Ауданда осы тақырыпта қандай шаралар қолға алынуда?-деген сауалды Жасөркен Жақсылыққа қойды.
- Бұл мәселе бойынша біздің тарапымыздан өткізі­ліп жатқан шаралардың саны өте мол. Өткен жылы осы тақырыпта аудандық “Талас тынысы” газетіне 40-тан астам мақала жария­­ланды. Мектеп, кол­ледж және ТарМУ-де 50 кездесу өткізілді. Үгіт-насихат топтары құрылуда. Бұл жұмысқа мәдениет саласы қызметкерлері мен ардагерлерді араластыру керек,-деді Ж.Жақсылық.
Дархан Рысдәулетов те залдан түскен сауалдарға орай бұл бағытта ауылдардағы, қаладағы учаскелік полиция қызметкерлері атқарып жат­қан жұмыстарға тоқталды.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер