Күллі тәубені қамтыған ғибадат

"ТТ"-ақпарат"

Намаз-Алла Тағала мен адам арасындағы байланыс негізі. Ол рухты биіктетіп, ерікті күшейтетін, күллі тәубені қамтитын ғибадат.


Мұқым мұсылман үшін айтулы күні Ораза айт мерекесіне орай Қаратау орталық мешітінде айт намазы оқылды. Жиылған жамағатты Айт мерекесімен құттықтаған аудан әкімі Болат Рысмендиев: -Ислам діні- ұлт болып қалыптасуымыздың кепілі. Дәстүрлі дініміз көп ұлтты елімізді тұтастық пен тұрақтылыққа бастап келеді. Бүгінгі таңда асыл дініміз ұрпақты имандылыққа тәрбиелеген, мемлекеттің рухани тірегіне айналды. Жеткен жетістіктеріміз Тәуелсіздіктің жемісі. Іргеміздің қалыптасып, бірлігіміздің артуында адамгершілік құндылықтарды ұлықтаған дәстүрлі дініміздің алар орны ерекше. Алайда, қасиетті дінді пайдаға жаратып, теріс түсінік қалыптастырушылармен күресіміз күшейе бермек.
Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға береке тілеймін. Ниеттеріңіз қабыл болсын!,-деді.
Айт намазынан соң білекті жігіттер мешіттің ұйымдастыруымен өткен гір тасын көтеру, арқан тарту сияқты спорттық ойындарында бақ сынады. Жеңімпаз командалар мен жігерлі жігіттерге мешіт тарапынан белгіленген ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер