Діни терроризмнің тамыры

Аққұм ауылдық округінің ауыл кітапханасында ауыл жастарымен діни экстремизмге қатысты жиналыс өтті.


Жиынға Аққұм ауылдық округі әкімі Б.Ошақбаев, мешіт имамы З.Қарақожаев, Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Н.Қабылбеков, мекеме басшылары және ауыл жастары қатысты.
Жиналыста сөз алған Н.Қабылбеков экстремистік топтардың және терроризмнің шығу тарихы жайлы баяндама жасады.
Соңғы он жылда экстремистік ұйымдар әрекеттері күнделікті өмірімізге дендеп ене бастады. Кейінгі жылдардағы болған оқиғалар әлем қауымдастығына экстремистік әрекеттердің қаншалықты төнген және қатыгез құбылыс екендігін көрсетіп берді. Қазіргі кезде дүние жүзінде 500-ден астам экстремистік бағыттағы ұйымдар мен топтар әрекет етуде. Жаңадан пайда бола бастаған экстремистік топтар қазіргі адамның ішкі психологиялық сұраныстарын дәл басып, қажеттіліктерін қанағаттандырудың жолдарын таба білген. Сондықтан, болу керек, олардың ішінде: агрессиялық, харизмалық, радикалдық, экстремистік ағымдағы ілімдер көптеп ұшырасады.
Қорытындылай келгенде, халықаралық терроризм мен экстремизмнің пайда болуы мен өрши түсуінің себептерін діннен, әсіресе, мұсылмандық ілімдерден іздену діннің рухани қайнар көздерінің мәніне қатысты біліксіздік немесе белгілі бір саяси мүдделердің сойылын соғушылық сияқты пиғылдағы топтардың әрекеті болып шығатыны байқалады.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар қайтарылды.

Нұрсұлтан Қабылбеков,
Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер