Құрмет көрсетті

«ТТ»-ақпарат»
Талас ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысы Қуаныш Тұрсынов пен оның орынбасары Жамбыл Құрманбеков бастаған басқарма ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері Жамалбек Нұрмағамбетовтың отбасында болып, ақсақалды Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, ұжым атынан сый-сияпат көрсетті.


- Кейінгі ұрпақ, яғни біздер, сіздердің майдан даласындағы ерліктеріңізді еш ұмытпаймыз, жүріп өткен жолдарыңыз бізге үлгі - өнеге болып қала бермек,-деді Қуаныш Расылханұлы.
Өз кезегінде 1942 жылдың қыркүйегінде соғысқа алынып, Ұлы Жеңісті Берлинде аяқтаған, «Құрмет» орденінің иесі Жамалбек қарияның да жастарға айтар тілегі көп.
- Біз көрген қиындықты, біз көрген соғысты енді қайтіп басымызға бермесін. Қазір заман жақсы. Елбасы Н.Назарбаевтың саясаты арқасында бейбіт ғұмыр кешіп отырмыз. Тәңіріміз баршамызды ауызбірлік, ынтымағымыздан ажыратпасын,- деп аяулы ардагер басқарма ұжымына өзінің игі тілегі мен рахметін жеткізді.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер