Арамыздағы ардагерлерзаман тыныштығын, ұрпақ амандығын тіледі
- Толығырақ
- Жарияланды 06.05.2015 11:36
- Автор: Super User
- Категория: Ұлы Жеңіске 70 жыл
- Қаралды: 1636
“ТТ”-ақпарат”
Бүгінде ауданымызда Ұлы Отан соғысының тікелей куәгерлері 10 ардагер ғана ортамызда жүр. Қара ормандай болған қазына қарттарымыздан қадау-қадау қалғаны өкінішті әрине...
Аудан әкімі Болат Рысмендиев, аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қартабаев және Қаратау қаласы Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім басшысы Қуаныш Симтиков Қаратау қаласындағы Жамалбек Нұрмаханбетов, Мария Лаврентьева Бурулева, Қуанышбек Бүрлібаев, Петр Иванович Мельников және Михаил Иванович Емельяновтың отбасыларында болып, ардагерлерге “1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл” мерекелік медальдарын және осы айтулы мерекеге орай Қазақстан Ұлттық банкі арнайы таза күмістен құйып шығарған 500 теңгелік монеталарды табыс етті.
Ардагерлерді құттықтаған Болат Қанатбайұлы олардың Отан алдындағы еңбектерінің өлшеусіз екенін, ол кісілердің ерліктерінің ескірмейтінін, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болатынына тоқтала келе Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.
Өз кезегінде ардагерлер де бастан кешкен зұлмат соғыстың енді қайтіп қайталанбай, заманымыздың тыныш, ұрпағымыздың амандығын тіледі.
Газет pdf нұсқасы