Атамның ерлігін мақтан тұтамын

Соғыс, соғыс емес қалқам жыр - аңыз,
Соғыс сырын соғысқаннан сұраңыз.
Жиырма миллион жазықсыз жан қырылды,
Еске алмастан қалай ғана тұрамыз,
- деп қызыләуіттік ақын Әзімхан ата жыр­ла­ғандай, мен сол соғыс­қа қатысқан өз атам Қошан Жорық­баев жайлы айтқым келіп отыр.

Мен атамның алақанымнан май жалаған шөбересімін. Атамның өмір­ден озғанына да екі жыл болды.
Менің атам соғысқа бозбала шағында аттанған. Сұрапыл со­ғыс­тың алғашқы күнінен аяғына дейін майданда болып, елге аман оралды. Қан майданда талай немістерді қырып, жауға талай оқ жаудырып, граната лақтырғанын айтып бізді таңқалдырған бо­ла­тын. Атам сонау Берлин, Дрез­ден қалаларына дейін жау­ды қуып барған. Ол кісі қиын - қыстау заманда бір үзім нан­ды қасындағы солдаттармен бөліс­кенін айтып отырушы еді. Бізге атамның әңгімесі ертегідей әсер қалдыратын. Атамның көптеген орден, медальдары, алғыс қа­ғаз­дары бар. Біз әр медалін қолымызбен ұстап мақтанамыз. Елге аман оралғаннан кейін де тылда еңбек етті. Шөп шапты, мал бағып шопан атанды. Атам арамызда аман-есен жүргенде биыл жеңістің жетпіс бір жылдығын тойлайтын еді.
Осылайша жеңіс келді желбіреп,
Кеткендерді еске аламыз елжіреп.
Анар Байбосын,
М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектептің 4 - сынып оқушысы. Қызыләуіт ауылы.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер