Оқу-жаттығу жиыны өткізілді
- Толығырақ
- Жарияланды 27.04.2015 04:27
- Автор: Super User
- Категория: Маман кеңес береді
- Қаралды: 1480
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы өрттің алдын алу іс-шараларына сәйкес, бекітілген кесте бойынша аудан аумағында ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Ақкөл-Ұланбел автожолының 10-шы шақырымында табиғи өрттің алдын алу және таралуына тосқауыл қою мақсатында аудан әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар комиссиясының төрағасы С.Дадабаевтың және Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің және Ақкөл орман шаруашылығы мекемесінің ұйымдастыруымен әдістемелік арнайы оқу-жаттығуға жұмылдырылған техникалар мен өрт сөндіру жасақтарының құрамдары, яғни Қаратау қалалық №5 өрт сөндіру бөлімі, Ақкөл ауылдық №2 өрт сөндіру бекетінен, Қызыләуіт, Ойық, Ақкөл, С.Шәкіров, Үшарал, Бостандық, Аққұм ауылдық округтерінің әкімдіктерінде құрылған ерікті өрт сөндіру жасақтарымен Ақкөл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі және Ақкөл ауылдық амбулаториясының қызметкерлерімен бірлескен жағдайында өткізілді.
Оқу-жаттығу жиынына белгісіз себептерімен тек Кеңес ауылдық округінің ерікті жасағы ғана келмей қалды.
Жалпы, оқу-жаттығу жиынында барлық құрам өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарғандықтарын атап өткен жөн..
Ғалымжан Сыздықов,
Талас ауданының ТЖБ бас маманы, өртке қарсы қызмет майоры.
Газет pdf нұсқасы