Мемлекеттік корпорацияда қазақстандықтардың уақытын үнемдейтін кезекті пилоттық жоба іске қосылды

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ  Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, деректердің өзгерістерін тіркеуге  2 факті -  қайта өлшеу кезінде анықталған алаңның өзгерісі және жылжымайтын мүлік объектісін  қайта жоспарлаған  жағдайдағы сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерісі негіз болуы мүмкін.

Жөндеу жұмыстарының, балкон алаңының қосылуы және т.бнәтижесінде алаң көлемі өзгерген жағдайда, азамат сәйкестендіру деректерінің өзгерістерімен тіркелген техникалық паспортты және құқық белгілейтін құжатты (жекешелендіру, сыйға беру, сату-сатып алу шарты) алады.

Жылжымайтын мүлік қайта жобаланған немесе қайта жабдықталған жағдайда, азамат жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркетуі қажет. Ол үшін алдымен өзгерістерді заңдастыру үшін сәулет органдарына жүгіну қажет, нәтижесінде ол пайдалануға қабылдау актісін алады. Бірақ, Құмарғалиевтің айтуынша, енді барлық құжаттар топтамасын мемлекеттік корпорация қызметкері жинап бере алады. Ол сенімхат негізінде өз бетінше барлық құжаттар топтамасын жинақтайды, оның ішінде пайдалануға арналған қабылдау актісін де ресімдейді. Ал қызмет алушы ХҚКО-дан дайын құжатты алады.

Құжаттар топтамасын жинақтау қызметін мемлекеттік корпорация қызметкерлері ақылы негізде жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

Бұл сервис мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне келуге және құжаттар жинауға уақыты жоқ азаматтарға ыңғайлы болуы үшін ұйымдастырылған, сондай-ақ ол бизнес жүргізу жағдайларын жеңілдетуге арналған.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

 коммерциялық емес акционерлік қоғамының

Баспасөз қызметі

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер