Ат спортынан аудан намысын қорғады

Ұлттық ат спорты - көкпар мен аударыспақтан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған облыс чемпионаты болып өтті.
Дүбірлі додаға аттары ауыздықпен алысқан он ауданнан команда қа­тысты. Олардың ішінде бұрындары бі­рін­шіліктерде бақ сынап, жүлдегер атанғандары да бар.

Ауданымыздың намысын қорғаған жастар құрамасы алғашқыда Байзақ құрамасының бәсін басса, Т.Рысқұлов командасымен болған ойында салым­ды болды. Ал, ақтық сында жуалылық көкпаршыларға есе жіберіп, тұғыр­дың екінші сатысына көтеріліп, күміс кубокты қанжығалады.
Ал, аударыспақта ат құлағында ойнаған жерлестеріміз өздерінің жі­герлігін таныта білді. Ат үстінде білегінің күші мен айласын асыра біл­ген 80 келі салмақта Елтай Стақан 1-орын иеленіп, алтыннан алқа та­ғынса, жеңісті жолды 50 келі сал­мақта Әсет Панат жалғап, 2-орын тұғырынан көрінді.
Осы сында ұлттық ат спор­ты ойындарында жүлдегер ата­нуға аудандық ат спортының пре­зиденті Ғалымжан Арынбаев пен жаттықтырушы Еркебұлан Абаев­тың еңбектері орасан екенін айта кеткен жөн.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер