«Ұлт болашағы – салауатты жастар» атты футбол турнирі өткізілді
- Толығырақ
- Жарияланды 15.06.2015 11:22
- Автор: Super User
- Категория: Спорт
- Қаралды: 1520
Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Талас жастар орталығы» КММ-сі мен Талас аудандық ішкі істер бөлімінің ювеналдық полициясы бірлесе отырып, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастар арасында қылмыстың алдын алу, олардың бос уақыттарын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында кәмелетке толмаған жастар арасында «Ұлт болашағы – салауатты жастар» атты футбол турнирін өткізді.
Аталған турнирге 6 команда қатысты. Шараның ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Құралбаев, «Нұр Отан» партиясы Талас аудандық төрағасының бірінші орынбасары Т.Жұмабек қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Екі күнге созылған тартысты ойын нәтижесі бойынша І орынды Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің командасы иеленсе, ІІ орынды №2 Қаратау колледжінің құрамасы ұтып алды. Ал, Қаратау технология, білім және бизнес колледжінен келген команда ІІІ орынға табан тіреді. Сондай-ақ, турнирде үздік ойын көрсетіп көзге түскен Саятбек Сүлейменов - «Үздік қақпашы», Эльдар Қайратов - «Үздік қорғаушы» және Оразхан Утубаев - «Үздік шабуылшы» атанды. Турнирдің марапаттау рәсімінде Талас ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Талас ауданы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның хатшысы Г.Жанаева, Талас ауданы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Мамадияров, Талас аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі С.Байжанов, Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Талас жастар орталығы» КММ-нің директоры Н.Мырзаев барлық жеңімпаздарға тағайындалған бағалы сыйлықтар мен дипломдарды тапсырды.
Ғалымжан Тоқмырзаев,
«Талас жастар орталығы» КММ директорының орынбасары.
Газет pdf нұсқасы