Облыс әкімі "жедел жәрдем" автокөліктерін табыс етті
- Толығырақ
- Жарияланды 25.06.2015 04:28
- Автор: Super User
- Категория: Жағымды жаңалық
- Қаралды: 1253
“ТТ”-ақпарат”
Өткен жұмада Тараз қаласындағы “Достық” алаңында облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы Көкірекбаев Медицина қызметкерлерінің төл мерекесіне орай денсаулық сақтау саласына “жедел жәрдем” автокөліктерінің кілтін табыс етті.
Соның ішінде 3 “жедел жәрдем” автокөлігі біздің ауданымызға берілді.
- Бұл көліктердің біздің жұмысымыздың алға басуына өзіндік ықпал етері даусыз,-дейді аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Есмахан Имаммырзаев,-оның бірі Қасқабұлақ ауылына берілсе, екіншісі Қызыләуіт ауылына ал, үшіншісі Қаратау қаласындағы жедел жәрдем стансасының еншісіне тиді. Ауданымыздың денсаулық сақтау саласына көрсетіп отырған осындай қамқорлығы үшін облыс басшысына ризашылығымыз шексіз,-деді бізбен әңгімесінде.
Газет pdf нұсқасы