Табысты жеңіс-табанды еңбекпен келедіел мақтанышы Бейбіт Ыстыбаевқа құрмет көрсетілді

Нарбол Қашаған, «Талас тынысы»

«Қазақстан барысы» республика­лық турнирінің екі дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев есімі жасқа да, жасамысқа да жақсы таныс. Бейбіттің жеңісі бір адамның емес бір ауданның, жал­пы аймақтың мақтанышы.

Ол қазақ күресі арқылы ұлттық болмысымызды, қанға біткен қайра­ты­мызды әлемге паш етті. Дәстүрімізді дәріптеуіміз бен ө­ткіз­ген шарала­рымыздың шапағаты бо­лар, ұлттық спор­­ты­­мыздың бұл түріне талап білдірген болашақ балуандардың саны артты. Былтыр ел көле­мінде 68 мың бала болса, биыл екі еселеніп, олардың саны 120 мыңнан асты. Бұл жастардың құндылығымызға деген құрметі. Табысты жеңіс- таудай талап, табанды еңбекпен келеді. Жігермен алған жетістікті алдымен ауылдағы ақпейіл ағайындармен бөлісу қанға сіңген перзенттік парыз.
Боз кілемге шық­қан­да тақымын қы­сып, тұғыр биігінен көрі­ну­ге тілеулестігін білді­ріп отыратын туған ауданына ат басын бұрған Бейбіт жұртшылықпен жүздесіп қайтты. Аудан әкімдігі мәжіліс залында ұйымдастырылған қарсы алу рәсімінде балуанды кезекті жеңісімен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қартабаев: - Осыдан екі жыл бұрын аузы дуалы қарияларымыз ақ батасын берген болатын. Енді міне, көп ұзатпай екінші жеңісімен елге оралып отыр. Ұшқан құстың қанаты талатын кең байтақ жеріміз кешегі ерлеріміздің білегімен қорғалған. Кеңес Одағының батырлары Сәду Шәкіров, Амантай Дәулетбековтың ерліктері бүгінгі жас ұрпақ үшін өшпес өнеге. Тыныш өмірде ел намысын қорғаған, білекпен жеткен жеңіс- ерлікке пара-пар. Ендеше, Бейбіт Ыстыбаевтың ерлігі кешегі батырлар намысының жалғасы. Бұл биікке көтерілуіне жеке бапкері Елдос Далабаевтың да еңбегі өлшеусіз,- десе, аудандық Мәслихаттың хатшысы Жұмабек Әсемов: «Сен жеңісің арқылы облысымыздың мақтанышына айнал­дың. Өзің айтқандай үшін­ші жеңісіңе жет. Аудан хал­қы қашанда қолдайды»,- деп алдағы уақытта ел үмітін ақтайтын­дығына сенімін танытты.
Сондай-ақ, ауданның Құрметті азаматы Тыныс Сейдуанов бейбіт өмірдің батырына қазақтың атын асқақтатып, қайра­тын көрсетіп, ұлт намысын қорғай­тын ұл болуына тілеулестігін жеткізсе, спорт арда­герлері атынан Шымкент Рысқұл аудан мақтанышының әр жеңісіне сәттілігін білдірді.
Кездесу соңында Ғалым Тамабекұлы аудан әкімі Болат Рысмендиевтің құттық­тауын жеткізіп, туған ел жұршылығы атынан ат мінгізіп, шапан жапса, қазыналы қария Мақсұтбек Сәтімбеков ақ батасын берді.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер