Тағы бір қазақ баласы ғарышқа самғады

Дүйсен Молдақұлов, "Талас тынысы"

Сәрсенбінің сәтінде, яғни 2 қыркүйек күні, Астана уақыты бойынша 10 сағат 37 минутта құрамында қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов бар «Союз-ФГ» зымыраны ғарыш кеңістігіне сапар шекті.

Бұл еліміз үшін, ұлтымыз үшін ұлы күн. Он екі жылдан бері осы сапардың сәтін күткен Айдын бауырымыздың, баршамыздың алға қойған арманымыз орындалды.
Әрине, мұның оңай болмағаны да анық. Ал, бұған дейін осы жолғы ғарыш стансасындағы 10 күндік сапары үшін 52 миллион доллар төлеуге тиіс британдық әнші Сара Брайтман бас тартқандықтан А.Айымбетовтың кандидатурасы мақұлданған еді.
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров те осы тарихи оқиғаға орай өзінің қуанышын жасыра алмай, Айдынға ақтарыла ақжолтай ақ тілегін жеткізгенінің де куәсі болдық.
Ғарышқа Айдын Айымбетов еліміздің туын ала кетті. Өйткені, сонау 2004 жылы еліміздің мемлекеттік рәміздері күніне орай Президентіміз Н.Назарбаевпен өткізілген тікелей эфир барысында Айдын осындай уәде берген еді. Енді міне, сол уәдесін орындады.
Жерлесіміз ғарышта бірқатар ғылы­ми эксперименттер жүргізіп, эки­паж­дың тағы бір мүшесі, еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсен­мен жерге 12 қыркүйек күні оралмақ.
Ғарышкерімізге сәтті сапар және туған жерімізге аман-есен оралуын тілейік.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер