Көңіл марқаяр көпшілік көзайымы
- Толығырақ
- Жарияланды 09.10.2015 04:09
- Автор: Super User
- Категория: Жағымды жаңалық
- Қаралды: 1453
Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында Қаратау қаласы тұрғындары тағы бір қуанышқа кенелді. Көзге көрік берер “Орталық” саябағына (бұрынғы “Кеншілер” саябағы)сән кірді. 3000 шаршы метрге төселінген тас жол (брусчатка), саябақ іші “Көңілді аттар”, “Юнга”, “Зымыран”, “Отарба”, үлкен және кіші әткеншектер, тағы да басқа аттракциондармен толықты.
Салтанатты шараның ашылу барысында сөз алған аудан әкімі Болат Рысмендиев: -Сіздер мен біздер қаламыздың сәулетіне көрік қосатын үлкен мәдени шараның куәсі болып отырмыз.
“Моноқалаларды дамыту” бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 69,2 млн. теңге қаржыға “Орталық” саябақты аудан әкімдігінің «Таза қала» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорыны уақыт талабына сай қайта жөндеуден өткізіп, пайдалануға ұсынды. Қала тұрғындарының бос уақытта демалуына қосымша жағдай жасалынып отыр. Саябақ ел игіліне қызмет етеді деп сенемін,-деді өз сөзінде.
Сондай-ақ, шара барысында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекен Досымұлы игі бастама жайында сөз ете келіп, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевқа, сонымен қатар, аудан әкімдігіне ризашылығын білдірді. “Орталық” саябақтың лентасын Болат Рысмендиев, аудандық мәслихат хатшысы Жұмабек Әсемов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жапар Шәріпов салтанатты түрде кесіп, мерейлі күннің қуанышын бөлісті.
Газет pdf нұсқасы