Тақтайдай тегіс жол ортақ игілікке айналды
- Толығырақ
- Жарияланды 09.10.2015 04:18
- Автор: Super User
- Категория: Жағымды жаңалық
- Қаралды: 1515
Дүйсен Молдақұлов, "Талас тынысы"
Қазақ хандығының 550 жылдық торқалы тойын атап өту қарсаңында таластықтар тағы бір қуаныштың куәсі болды.
Олай дейтініміз, Бөлтірік шешен мен Көшек батыр ауылының арасын жалғастыратын жолдың сапасы сын көтермейтін. Талай жылдан бері күрмеуі қиынға айналған жолды жөндеу жұмыстары биыл ғана қолға алынып, шешімін тапты.
23 шақырымдық аталмыш жолды жөндеуге барлығы 305075,7 мың теңге бөлінген, биылға бөлінген қаражат 206730,0 мың теңге. Қазір осы аралықтағы жол толық жөндеуден өтті. Мердігер компания “Арайстроймаркет-2003” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Осы нысанның жөнделіп бітуіне орай аудан әкімі Болат Рысмендиев пен аудандық мәслихат хатшысы Жұмабек Әсемов Бөлтірік шешен және Көшек батыр ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, қуаныштарын бөлісті.
- Биыл мерекелі де, берекелі жыл болып тұр,-деді Болат Қанатбайұлы,-соның бір айғағы ретінде бүгінгі көзайым жаңалықты айтуға болады. Мұның бәрі Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында елдің игілігі үшін жүзеге асырылып жатқан дүниелер. Сондықтан, осынау жағымды жаңалықты өздеріңізбен бөлісуге келдік.
Басқосу барысында сөз алған Бөлтірік шешен ауылының тұрғыны Ибаділда Үйсінбаев, Көшек батыр ауылының тұрғыны Дихан Сейсенбекұлы көп жылдан бергі жол азабын көріп келгендерін, ендігі жерде тақтайдай тегіс жол көпшіліктің ортақ игілігі екендігін атап өтіп, осындай қамқорлықтары үшін ел ағаларына жүрекжарды алғыстарын жеткізді.
- Біз өз кезегінде барлық жұмысты дер кезіде әрі сапалы атқаруға күш салдық,-дейді мердігер компанияның өкілі, жол шебері Ержан Сатыбалдиев,-нәтижесін көріп отырсыздар.
Ия, көптің алғысын алғаннан асқан абырой жоқ екеніне біз тағы бір көз жеткіздік...
Газет pdf нұсқасы