Жерлестеріміз республикада танылды

Мадина Жарас, "Талс тынысы"

Мәңгілік жырға айналған қазақ поэзиясының алдаспан ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған түрлі деңгейдегі іс-шаралар республика көлемінде жылда дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.


Ақынның туған күніне орай ұйымдастырылатын мұндай әдеби кештер, көр­кем сөз оқу шеберлерінің байқауы биыл да өз жалғасын тапты.
Жуырда Алматы қа­ла­­­сын­­да өткен VIII «Жыр­­лайды жүрек» атты республикалық байқау Мұқағали Мақатаев­тың 85 жылдығына орай­лас­­тырылды. Мектеп оқушы­ларының арасында өткен байқауға қаламыздағы ли­цей­­ден барған жас таланттар ауданның абы­ройын асқақтатып қайтты.
«Көркем сөз» номина­циясы бойынша ақын жыр­ларын нақышына келтіріп, мәнерлеп, жатқа оқыған аталмыш білім ордасының 8-сынып оқушысы Талшын Төлеу I дәрежелі лауреат атанды. Жас ерекшеліктеріне қарай бақтарын сынаған үміткерлер арасынан оқ бойы озып шыққан 5-сынып оқушысы Ақмарал Қуанышбекте осы аталымнан I дәрежелі лауреат атанса, Әминаханым Алтынбек II дәрежелі лауреат атағын жеңіп алды. Бұл орайда, жеткіншектерді көркем сөз шеберлігіне баулыған ұстаз Гүлсара Ілештің еңбегі зор.
Байқау үш кезең бойын­ша өткізілген болса, жерлес­теріміз сол үш бөлімде де өз шеберліктерін, жан-жақтылығын танытты. «Вокал» кезеңінде ақын сөзіне жазылған ән­дерді орындаған 2 - сынып оқушысы Инабат Орынбасар мен Дана Ускенова II дәрежелі лауреат атанды. Ал, «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша бақ сынаған 8-сынып оқушысы Жұлдыз Әбдікәрімде II дәрежелі лауреат деп танылды.
Үміткерлердің ес­ту, тыңдау қабілетін шың­даған байқаудың ерек­­ше кезеңінде қыл­қалам шеберлері сайыс­қа түсті. Кезеңнің ерекшелігі сол- мұнда жас өнерпаздар ақынның өлеңін тыңдау арқылы композиция құ­растыру, яғни өлеңнің сюжеті бойынша сурет салу. Осы бөлімде қарсы­ластарынан басым түсіп, оқ бойы озып шыққан 6-сынып оқушылары Аяулым Мұхтарова мен Айбар Ағабек I-дәрежелі лауреат атағын жеңіп алды.
Жыр додасына оқу­шы­ларды дайындап, ата-аналар мен жетек­ші мұғалімдерді ұйымдас­тыруда басшылық еткен лицей директорының тәр­бие ісі жөніндегі орын­басары Рауан Асқаров пен жас дарын­дарға қолдау көрсеткен білім ошағының ди­рек­торы Мақсат Қазанғаповтың еңбектері айрықша атауға тұрарлық.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер