Форумнан үлкен әсермен оралдық


Форумға “ЕвроХим” компаниясы­ның демеушілігімен, аудандық бі­лім бөлімінің ұсынуымен, Сарысу ауда­ны, Байқадам ауылының химия пәнінің мұға­лімі екеуміз барып қаты­сып қайттық. Форумның мақсаты: - мұғалімдердің біліктілігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу, химия пә­нін оқытуды жетілдіру, дарынды оқу­шыларды олимпиадаларға дайындау.
Мәскеу мемлекеттік университе­тінің химия кафедрасының деканы, профессор, академик В.В.Лунин жаратылыстану білімі оқушылардың айналадағы ортаға нақты ғылыми көзқарасын қалыптастырудағы ма­ңыз­ды орын алатын пән екенін атап көрсетті. Химия факультетінің мін­деті химия ғылымдарын насихаттау, білім беру, химия өнеркәсібі үшін мамандар дайындау екендігін нақты атап көрсетті.
Форум аясында Ресейдің М.В.Ломоносов атындағы универ­ситетінің химия кафедра­сының жетекші ғалымдары баяндама жасап, бүгінгі жаратылыстану ғылы­мының және білімінің жағдайына және оны оқытудағы келелі мәселелерге тоқталды. “ЕвроХим” компаниясының Сарысу ауданында өндіріс жұмыстарын бастағанына көп жыл бола қоймаса да, өңірдегі химия пәні мұғалімдерінің білімін жетілдіруіне ықпал жасағанына ризашылығымды білдіремін. Алқа­лы жиын тез–ақ өте шықты, бірақ, мұғалімдердің алдына биік мақ­саттар қойып, маңызды міндет­тер жүктелді. Осындай мемле­кетаралық шараларға қатысып, кәсі­­би біліктілігімізді арттыруға зор үле­­сін қосқаны үшін “ЕвроХим” ком­паниясына үлкен алғысымды айтамын.
Мәншүк Жәкеева,
лицейдің химия пәнінің мұғалімі.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер