Ел тілегі ескерілді

Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарын­дағы аумалы кезеңде ауданымызда қиындықтарды жеңіп, ырысын сақтап қалған ауылдың бірі - Қызыләуіт.


Мемлекет қамқорлығы мен ағайындардың ауызбіршілігі ар­қасында бүгінде іргесі бүтін, кө­рерге көңіл тоятын мерейлі ме­кенге айналды. Дегенмен, көптен тұрғындардың көңілінде жүрген түйінді мәселе жуырда ел мүддесін ескерген естияр азаматтардың арқасында шешімін тапты.
Ауылдан шығысқа қарай 2 ша­­қырым қашықтықта “Шұ­қы­рәуіт” әуіті бар. Қайнар ауыл­дың 300-ге жуық шаңырағы мен ма­ңайда орналасқан 24 ша­руа қожалығын қажетті сумен қам­тамасыз етіп отыр. Екі аралықты байланыстырып тұрған “Оман” каналы кешегі совхоз ыдырамай тұрған шақтан бері тазаланбаған. Күтім көрмегендіктен арнаның ағысы да баяу.
Ауылдың көк же­­­легі мен көп­шіліктің ша­­руаларын кел­тіріп отыр­ған әуіт суын та­зартуға байла­нысты ауылдық ардагерлер ке­ңесінің төра­ғасы Сағынбек Ахметов және Манатбек Мә­селбеков, Марат Тәттібаев бас­таған еңбек ар­дагерлері мә­селе көтерген болатын.
Орынды ұсыныс пен өзекті мә­селе ескерусіз қалған жоқ. «Талас Инвестмент Компани» ЖШС-нің директоры, облыстық мәс­лихаттың депутаты Бақтияр Алдашовтың демеушілік ықпалымен оң шеші­мін тапты. Мекеме басшысы қажетті техика бөлдіріп, ауылға тартылған каналды тазартып берді.
Игі іске елдің ризашылығы шексіз. Ауыл тұрғындары ел тілегін ескерген мекеме басшысы мен жұмыстың сапалы атқарылуын қадағалаған Шәріп Бейсеновке алғыстарын білдіреді.

Алдаберген Байпақов,
еңбек ардагері.
Қызыләуіт ауылы.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер