Жемқорлықты жою жалпыға міндет

Индира Еркінқызы, "Талас тынысы"

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қар­­сы күрес мемлекеттік саясаттың не­гізгі басымдылықтарының бірі ретін­де айқындалған.


Себебі, сыбайлас жемқорлық еліміз­дің әлеуметтік-экономикалық да­муына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін індет екені анық. Бұл қоғам болып күресетін ін­детке «Нұр Отан» партиясы да өзін­дік үлесі мен күш-жігерін жұмсап келеді.
Осы бір жағымсыз құбылыспен күре­су және алдын алу мақсатында «Нұр Отан» партиясы аудан­дық филиалының мәжіліс залында «Жемқорлықтан ада мемлекет- өр­кен­деуші мемлекет» атты тақырыпта акция болып өтті.
Басқосуда төрағалық етіп, алғашқы сөз кезегін алған «Нұр Отан » партиясы аудандық филиялы төрағасының бірін­ші орынбасары Ғалым Қартабаев: «Нұр Отан» партиясы елдің келешегі мен азаматтардың лайықты өмір сү­руін қамтамасыз ету үшін тарихи жауап­кер­шілікті өз мойына ала оты­рып, қоғам мен мемлекеттің күшін сы­байлас жемқорлыққа қарсы ымыраға көнбейтін іс-қимылға, оның пайда болу себептерін жоюға жұмылдырады, - дей келіп, пар­тия­ның 2015-2025 жыл­дарға арналған бағдарламасы мен жемқорлыққа қарсы қо­ғамдық кеңес пен пар­тиялық бақылау жөнінде баяндап, жем­қор­лықты жою жұ­мыстарында кет­кен кемшіліктердің бар еке­нін де тілге тиек ет­ті.
Келесі болып сөз алған Талас ау­дан­дық прокуратурасының аға про­куроры Бақытжан Бекбулатов баяндамасын жемқорлыққа қарсы заң­намалықтармен бастай келіп, аудан көлеміндегі 2016 жылдың алты айында жеті тексеріс жүргізіліп, 35 заң бұзушылық анықталғанын және бір ұсыныс енгізілгені. Олардың қаралу нәтижесінде 3 тұлға жауапкершілікке тартылғаны, 2 тұлға жұмыстан боса­тылғандығы жөнінде мәліметтерді жет­кізді. Прокурор сөзін жалғаған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиялы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Мадиярбек Мірәлиев қоғамдық кеңестің жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыс жөнінде есеп берсе, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Нұрсұлтан Манатбеков те болашақтың бақытына балта шабатын, экономикамыздың өсіп-өркендеуіне кедергі келтіретін жем­қорлықпен күресу үлкен-кішіге қарамуы керектігін айтып баяндамасын қазақтың қарымды қанатты сөздерімен түйіндеді.
Жиын соңында жиыналғандар қоғамға жағымсыз жемқорлықпен күресу жөнінде өз ойларын ортаға салып, пікір білдіріп тарқасты.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер