Әдеп кодексін әрбір қызметші қатаң сақтауы керек
- Толығырақ
- Жарияланды 06.09.2016 06:15
- Автор: Super User
- Категория: Жемқорлық-індет
- Қаралды: 1182
Қасымхан Төлендиев,
«Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс” республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көзделген кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру мақсатында жыл басында Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдар күшіне енген болатын.
Жаңа реформалар аясында мемлекеттік қызмет саласындағы тәртіптік және этикалық бақылау мәселесіне айрықша көңіл бөлініп отыр. Осы орайда, мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп Кодексі қабылданды.
Баршаға белгілі, биылдан бастап бұрынғы тәртіптік кеңестер Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Әдеп жөніндегі кеңесі болып құрылды. Мұндай кеңестер алқалы орган ретінде Астана, Алматы қалаларымен қатар, барлық облыстарда жұмыс атқаруда.
Мен өз басым облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі ретінде бұл бағыттағы жұмыстардан толыққанды хабардармын.
Биылғы жылы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыс бойынша департаменті жұмысшы тобын құрып, барлық аудандарда «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдардың, Әдеп кодексінің негізгі ережелері мен талаптарын түсіндіру бойынша кең көлемді жұмыстарды қолға алды. Бұл жүйелі жұмыстардың өзінің оң нәтижесін беретіндігіне мен нық сенімдімін.
Әрбір мемлекеттік қызметші мемлекет пен оның азаматтарына нұқсан келтіретін жағымсыз әрекеттерге жол бермеуі керек. Халық игілігі үшін аянып қалмауы тиіс. Бұл тұрғыда, мемлекеттің артып отырған сенімі жоғары.
Газет pdf нұсқасы