Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті

Сыбайлас жем­қор­лықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі.


Ең бастысы – адамдардың қоғамның демок­ратиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді. Кез-келген қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес өзекті мәселе болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың белең алуы, мемлекет және қоғам дамуының тежеуіші.
Мыңжылдықтар тоғысындағы тарихы тереңнен бастау алатын сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев тұрғындарға мемлекеттік қыз­мет көрсетудің сапасын арттыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенім арттыру­дың маңызды қыры екенін нақты көрсетті. Қазақстан Республикасында мем­ле­кеттік деңгейде сыбайлас жемқор­лықтың алдын алу және болдырмау шара­лары жоспарлы және нәтижелі өткізілуі тиіс деп білемін. Мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жемқорлықты жоямыз десек, онымен қоғам болып күресу керек. Сонда ғана бір нәтижеге қол жеткізеріміз айқын.
А.Нұрболұлы,
аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер