Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы
- Толығырақ
- Жарияланды 06.12.2016 07:16
- Автор: Super User
- Категория: Жемқорлық-індет
- Қаралды: 1111
2016 жылғы 29 қарашасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өткізілді.
Онда азамат Е.Тулеев пен А.Қалманбетовтың арыздары негізінде жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Меркі ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ.Қасымовқа қатысты тәртіптік іс қаралды.
Қызметтік тергеп-тексеру барысында өтініш иелерінің арыздарында көрсетілген уәждер өз дәлелін тапты.
Тәртіптік істі мүдделі тұлғалардың қатысуымен қарау нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңес Р.Қ.Қасымовтың әрекеттерінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы, 1-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген жеке тұлғаға құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасау сипатындағы мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық белгілері бар деп тапты.
Осыған орай, көрсетілген Заңның 44-бабы, 5-тармағына сай Әдеп жөніндегі кеңеспен Меркі ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Қалмұхамбетұлы Қасымовқа «мемлекеттік лауазымын төмендету» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Сонымен қатар, Қордай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының ұсынысында көрсетілген фактілер бойынша Қордай ауданы Қордай ауылдық округінің әкімі М.А.Атшабаровқа қатысты қозғалған тәртіптік іс қаралды.
Әдеп жөніндегі кеңес, аталған тұлғаға қатысты жүргізілген қызметтік тексеру қорытындысын қарап, М.А.Атшабаровтың тарапынан Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің 5-тармағының 11) тармақшасының талаптары бұзылған деген қорытындыға келді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 45-бабының 1-тармағына сәйкес, тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды (мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды ескермегенде).
Осыған орай, М.А.Атшабаровқа қатысты тәртіптік жазаға тарту мерзімі өтіп кетуіне байланысты, Әдеп жөніндегі кеңес М.А.Атшабаровқа қатысты қозғалған тәртіптік іс бойынша істі тоқтату туралы шешім қабылдады.
Айжан Мадимарова,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің бас маманы.
Газет pdf нұсқасы