Қоғамның жегі құрты

Тамыры тереңге кеткен жемқорлықтың бүгінгі деңгейі алаңдаушылық тудырып отырғаны орын­ды. Бұл жағдаймен еліміздің әрбір тұрғыны күнделікті кездесіп тұрады десек, артық айтқандық емес.

Сыбайлас жемқорлық – заң бұзушылықтың ең үлкен түрі. Қоғамның әрбір мүшесі, Қазақстанның әрбір азаматы түйткілді түбірімен жоюға белсенді түрде араласуы міндетті. Басты қадағалау заң қызметкерлерінен болуға тиісті. Әрине, соған қа­ра­мастан, арамызда лауа­зы­мын асыра сілтеп, жемқорлар санын көбей­ту­шілер жоқ емес. Жемқор­лықтың тамырына көпші­лік болып күрескенде ғана балта шабатынымыз белгілі. Бізде заң көп, бірақ орындап жатқан ешкім жоқ. Парақорлық сол заңның орындалуына кедергі келті­руде. Жең ұшынан жалғасқан жемқор­лық өмір сүріп тұр­ған­да, бізде ешқандай заң жүзеге аспайтыны анық. Қоғамның мақсаты – мә­селені көтеру, оны шешу үкіметтің міндеті.
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заң­ның талаптары қолда­нысқа енгелі бері заң құрығынан таза шығудың айла-шарғылары да сан құбылып өзгеріп келеді. Бір сөзбен айтқанда, заң талабы түзу болғанымен оның тетіктері терең ойлас­тырылмағандықтан, қашан да ол қозғалысқа енбей тыс қалады. Оны құқық қорғау органдарының осы бағыттағы жүргі­зіліп жатқан іс-қимыл­дарынан да анық байқауға болады. Бір сөзбен айтқанда, заңның бағыты дұрыс болғанымен, шын мәнінде, оның тетік­те­рін тежейтін, заң орын­дары кінәлі басшы­ның абыройын қорғауға мүд­делік та­ны­та қал­са, қалған жағына қа­рай икем­деп, бұрып әкетуге ың­ғайлы келетін баптар жетерлік. Дегенмен, жемқорлық билік еткен қо­ғамның алға баспайты­нын ескерсек, оны кезек күттірмес мәсе­лелер қа­тарында тез арада реттеуге тиістіміз. Бұл тарапта заңгерлердің әре­кеті проблеманы толық­қанды шешуде аз­дық етеді. Ал, бұдан да жақсы жетістікке жету үшін бар­лығымыз жұмыла дертпен күрескеніміз абзал.
Г.Орынбаева,
аудандық әділет басқармасының бас маманы, Жамбыл қоғамдық бірлестігі филиалы Қазақстан Заңгерлік одағының мүшесі.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер