Жемқорлықпен күрес-кезек күттірмейтін мәселе

"ТТ"-ақпарат".

“Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы мәжі­ліс залында филиалдың жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық ке­ңесі­нің отырысы болып өтті.


Аудандық мәслихат­тың депутаты, жемқор­лыққа қар­сы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төра­ғасы М.Мірәлиев­тің төра­ға­­лы­ғымен өткен жиын­ға аудандық проку­рату­раның аға прокуроры Б.Бекбу­латов, партия аудандық фи­лиа­лының саяси кеңес мү­шелері, партиялық ба­қы­лау комиссиясының мү­ше­лері және аудан әкім­дігінің бө­лім басшылары мен партия белсенділері қатысты.
Отырыстың күн тәрібін­де “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру жолдары” атты та­­қы­­рыпта лекциялар тың­­дау мен пікір алмасу, ой біл­діру сынды мәселе болды.
Күн тәртібінің тақы­ры­­бына байланысты Б.Бекбу­ла­­тов заман ағы­сы­мен бір­ге өсіп, небір тегеу­рін­ді қар­сылықтарға төтеп бе­ріп келе жатқан экономи­камыздың дамуына кедер­гі келтіретін қауіп­ті кеселмен күресу баршаның міндеті екенін тілге тиек етті. Сонымен қа­тар, өткен жылдар бойын­ша аудан кө­ле­мінде жемқорлық сипа­­тындағы құ­қық бұзу­шы­лықтарға талдау жасады.
Келесі кезекте сөз сөй­­леген Қаратау технология, білім және бизнес коллед­жінің дирек­торы, “Нұр Отан” партиясы аудандық фи­лиалы жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл жөніндегі қо­ғамдық кеңестің мү­шесі Е.Әнетбаев оқу орынында жемқорлыққа қарсы атқа­рылып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталып, оны болдырмау үшін алдын алуға арналған тұшымды ойын жеткізді.

FacebookTwitterMixxVimeo

Серіктестер