Бақытты шаңырақ- қоғам қазынасы
- Құрылды 21.09.2015 03:53
- Категория: Өнерлінің өрісі кең
Нарбол Қашаған, "Талас тынысы"
Отбасын құру - адамның өте маңызды, аса жауапты ісі. Ол өмірді қалыпқа түсіреді, бақытқа бастайды. Жас жұбайлардың осы бір маңызды міндетті қаншалықты меңгеруі жеке адамның бақытына ғана емес, бүкіл қоғамның әсемдігіне, мемлекеттің өркендеуіне әсер етеді. Жарасымды отбасы жақсы ұрпақ қалыптастырады.
Толығырақ...Таланттарды шыңдаған саз сайысы
- Құрылды 20.04.2015 04:07
- Категория: Өнерлінің өрісі кең
Музыка-жүрек тілі, ол-сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Әуен адамды біріктіріп және әрбір жанға өзін-өзі терең түсінуіне көмектеседі, тыңдарманның сезімі мен ойын байытады.
Оқушылардың эстетикалық тәрбиесін жетілдіру мақсатында балалар өнер мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жанар Ермағанбетованың ұйымдастыруымен «Музыка көшбасшысы» атты мектепішілік байқау болып өтті. «Жорға сайыс», «Күй жұмбақ сайысы» және «Бәйге жарыс» атты кезеңдерді қамтыған шараға 4 пен 6-шы сыныптардан 6 оқушы қатысып, бақтарын сынады.
Байқау нәтижесінде, өнерімен көптің көңілінен шығып, қошеметіне бөленген Жұлдызай Әбдікәрім бас жүлдені иеленсе, Тамирис Тұрысбек 1 орыннан көрінді. Ал, қатысып, белсенділік танытқан Бота Тұрар, Нарбота Сарабек, Назым Әліпхан, Аяулым Шымырбай Алғыс хаттармен марапатталды.
Артқан сенімді ақтады
- Құрылды 10.04.2015 06:03
- Категория: Өнерлінің өрісі кең
Тараз қаласында «Жасарған Жамбыл жерінде» атты оқушылар арасында облыстық мәнерлеп оқу байқауы болып өтті. Жамбыл облысы ақындарының шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада 30-ға жуық үміткер бақ сынады.
Толығырақ...Сұлтандар сыны
- Құрылды 07.07.2015 10:39
- Категория: Өнерлінің өрісі кең
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, аудан әкімдігі ішкі саясат бөліміне қарасты «Талас жастар орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен сұлтандар сыны байқауы болды.
Қаламыздағы Балалар өнер мектебінде өткен дарынды жастарды қолдау, шығармашылық деңгейлерін арттыру, оларды отансүйгіштікке баулу, ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерін ашу мен өнер - білімге құштарлығын арттыру мақсатында сайдың тасындай іріктелген жігіттер аудандық «Жігіттер сұлтаны» байқауында бақтарын сынады.
Байқау ережеге сәйкес төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы «Таныстыру» бөлімінде ата-тегін тегіс таныстырған жігіттер жетелі елдің баласы екендіктерін көрсете білді. Келесі «Жігітке жеті өнер де аз» кезеңінде сынның аты айтып тұрғандай, қызыләуіттік Әділет Шоқалақов пен көкталдық Ризат Қойшыман ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың Шәмілге жазған хаттарын жүрекпен жеткізе оқыса, майтөбелік Айдынбек Әліпбай әуезді әнімен жүректерді әлдиледі. Ал, білекті де жүректі аққұмдық Аян Рысбай жеңіл көлікті тікесінен тік тұрып тісімен тартса, қаратаулық Ернар Алпысбаев білек күшінің мығым екенін кір тасын көтеру арқылы дәлелдеді. Жарыстың үшінші «Күш атасын танымас» кезеңінде ұлттық ойындардың бірі қазақ күресінен сынға түсті. Кілемге кезек-кезек көтеріліп белдескен жігіттер арасынан Аян Рысбай балуан атанса, екінші жүлде Әділет Шоқалақовтың қанжығасына байланды. Жүлделі үшінші орын Ернар Алпысбаевқа бұйырды.
Сайыпқырандар сайысының қорытындысында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Тыныс Сейдуанов байқау барысына тоқталып, байқаудың жеңімпазы Әділет Шоқалақовты, екінші жүлде иегері Айдынбек Әліпбай мен үшінші орынға табан тіреген Аян Рысбайды құттықтап, ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылған арнайы диплом мен бағалы сыйлықты табыс етті. Сонымен қатар, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пернебек Оспанов «Тапқыр жігіт» номинациясымен Ризат Қойшыман мен «Білекті жігіт» атағына лайық болған Ернар Алпысбаевты марапаттады.
Сөз өнері-ақыл өлшемі
- Құрылды 15.04.2015 10:20
- Категория: Өнерлінің өрісі кең
Нарбол Қашаған, «Талас тынысы».
Сөйлеу әдебін қалыптастырмайынша ақыл мәдениетіне жету қиын. Атамыз қазақ осы қарапайым қағиданы әуелден-ақ берік ұстанған. Шаршы топта сауатты сөзбен көпті сүйсіндіріп, жауды жыға білген. Бабадан балаға жеткен шешендік сөздеріміз сарқылмас қазына, ұлттық құндылығымыз.
Талас тынысы
Газет pdf нұсқасы